Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті 3 айға жабылады
Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап «Тәжен» өткізу пункті үш айға жабылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:
«Б.Қонысбаев» (ҚР) – «Яллама» (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар және 3,5 тоннаға дейінгі жүк автокөлік құралдары);
«Қапланбек» (ҚР) – «Зангиота» (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар);
«Сырдарья» (ҚР) – «Малик» (ӨР), «Целинный» (ҚР) – «Ок Олтин» (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл автокөлік құралдары, жеке тұлғалар);
«Бейнеу» (ҚР) – «Каракалпакия» (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуі).