Жалағаш ауданының әкімі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

1 166

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіЖалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақарат агенттігі.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті - ата-бабамыз.

Бұл - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ. 

1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел. 

Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.

Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!

Құрметті ардагерлер, қадірлі жерлестер!

Сіздерді, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп атау жөнінде шешім қабылдады. Сол уақыттан бері Қарттар күні әлем елдерінде аталып өтіп келеді.

Қайсы бір халықта болмасын сонау ықылым замандардан келе жатқан, қалыптасқан үрдіс – үлкенді сыйлау. Біздің ұлт боп қалыптасуымыз, бүгінгідей төрт құбыласы түгел тәуелсіз ел болуымыздың өзі ғасырлардан келе жатқан ата-баба дәстүрі, яғни елдегі ымырасыз ауызбірліктің нәтижесі десек болады. Біз келешекте де қазақ деген атымызды ардақтап, мәңгі жасаймыз дейтін болсақ, сол ғасырлардан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, өткен тарихымызды қастерлеуіміз керек. Ал оны мыңдаған жылдар қойнауынан бізге жеткізуші ата-бабаларымыз, ата-әжелеріміз, яғни, үлкендер – Сіздерсіздер, құрметті ардагерлер.  

Сіздер жүріп өткен жол елдік пен ерлік жолы. Ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың әділдікті, елдікті, ақиқатты ту етіп  жүріп өткен осынау жолы жас ұрпақты әрқашан ерлікке, Отанды сүюге бастайды.

Тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жастар Сіздерге қарап, бой түзейді. Отанды қорғауды, елім деп еңбек етуді, адамдарға жақсылық жасауды жастар Сіздерден үйренеді. Осы тұрғыдан алғанда Сіздердің елдің кемел келешегі үшін еткен жасампаз еңбектеріңіз мәңгі жасай береді.  

Аға ұрпақ өкілдері сіздер зейнет демалысында болғандарыңызға қарамастан әлі де өз халқының, өз елінің тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып, бірге ғұмыр кешіп, қоғамдық істерге белсене араласып келесіздер.

Ардагер әкелеріміз бен аналарымыз қай кезде де назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда Жалағаш аудандық ардагерлер ұйымы аудан бойынша 4 мыңға жуық зейнеткер ардагерлерімізді 79 ұйымға басын біріктіріп отыр. Қарттарымыз әрдайым мемлеет қамқорлығында. 

Құрметті ардагерлер!

Қарттарымыз қашан да, қай заманда да халқының, ұрпағының тілеуқоры, қамқоры болып келеді. Сіздер ауданымыздың өркендеуі мен дамуы үшін өз қажыр-қайраттарыңыз бен ақыл-кеңестеріңізді аямай келесіздер. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін.   

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!

Құрметпен, аудан әкімі Ардақ Ибраимов