"Ораз мола" деген жерден шыққан: Атырау облысында жоғалған үш адам табылды
Атырау облысында жоғалған адамдар аман-есен табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
11 қаңтарда сағат 03:20-да Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті 1984 ж., 1986 ж., 1996 ж. туған азаматтарды Қызылқоға ауданының "Ораз мола" орнынан тапты. Бұл - Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінен 120 шақырым қашықта орналасқан жер.
Жоғалған адамдардың туыстары Атырау облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерінің көмегіне 10 қаңтарда сағат 00:00-де жүгінген. ТЖД құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Қаз
Рус






