Қызылорда облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

543
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының полицей қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, қылмыс орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде оқиға 7 наурыз күні кешкі уақытта Жаңақорған кентінде болғанын мәлімдеді. Кінәлі оқиға орнынан қашып кеткен.


"Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жол апатына кінәлі күдікті ұсталды. Күдіктінің полиция қызметкері екені анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді полициядағылар.

Оқиға кезінде полицейдің ішімдік ішпегені дәлелденді. 


"Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Ұсталғаннан кейін жол апатына кінәлі полицей қызметінен босатылды. Бұл іс Қызылорда облысы бойынша ПД-ның тәртіптік кеңесінде де қаралды. Аталмыш дерек бойынша күдіктіге бағынышты бірқатар полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды", –  деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.