Әкелер де декретке шыға алады

225
Енді Қазақстанда әкелерге арналған декреттік демалыс пайда болмақ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отбасылық құндылықтарға баса мән беретін қазақ халқы үшін бала тәрбиесі өте маңызды. Сондықтан болар, өмірге сәби әкелетін аналар декреттік демалысқа шығып, бауыр еті – баласын өмірге әкеліп, оның тәрбиесімен айналысады. Ал әкелер ше? Көбіне ер азаматтар балаларының тәтті қылықтары шығып, қаз-қаз қадам басқанша бүлдіршіндеріне көп көңіл бөле бермейтіндей көрінеді. Бірақ бүгінде алғашқы күннен бастап бала тәрбиесіне араласатын әкелердің қатары артып келеді.  
 Яғни елімізде «әке квотасын» енгізу ұсынылып отыр. Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл әкелердің бала тәрбиесіне белсенді түрде қатысуға ынталандыру мақсатында жасалмақшы екен. Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сүйенсек, қазіргі кезде әкелер бала тәрбиесіне аналармен салыстырғанда аз қатысады. Себебі баламен серуендеу, үй тапсырмасын тексеру, ауырған жағдайда баланы емдеу ісімен көбіне аналар айналысады. Ал мамандар мұны әкелердің көп жұмыс істеуімен байналыстыруда.

  «Әкелердің балалар тәрбиесіне және қарым-қатынас процесіне қатысуы, қазақстандық қоғамда әке болу институтын нығайту қажеттігін айғақтайды. Әкелердің бала тәрбиесімен айналысып, көңіл бөлуі үшін «әке квоталарын» яғни әкелер ғана пайдалана алатын декреттік демалыстың бірнеше аптасы енгізу мәселесін қарастыру ұсынылады», - делінген сарапшылардың хабарламасында. 


Бала тәрбиесіне қатысты, әкелерге арналған бұл демалысты қолдайсыз ба?