Балабақшада 2 жасар қызды әлдекім тістелеп тастаған
Шымкентте жекеменшік балабақша 2 жасар қыздың денесін тістелеп тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Сәбиді, әкесінің айтуынша, балабақшада қызының бүкіл денесін әлдекім тістеп тастаған. Тістеген жерінің тереңдігі сонша, баланың денесі қансыраған.
Шымкенттегі жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде жантүршігерлік оқиға орын алды. Нұрбек Жармаханбет жақын жерде мұғалім болмағанын, қызына алғашқы медициналық көмек көрсетілмегенін айтады.
Нұрбек Жармаханбет, жәбірленушінің әкесі:
Нұрбек сол күнгі бейнежазбаны ала алмаған. Жекеменшік балабақша оқиға кезінде бейнебақылау камералары жұмыс істемей тұрғанын айтты. Сонымен қатар, бақша басшылығы бұл оқиғаны елеусіз қалдырған.
Мектепке дейінгі мекеме басшылығы ұстазға қатаң сөгіс жарияланып, кейін жұмыстан қуылды деп сендіреді.
Желіде ата-аналар балаларға нашар тамақ берілетініне, тәрбиешілердің жауапсыздығына, тасымалдаудың сапасыздығына шағымданды. Айтуларынша, балаларды балабақшаға ескі "Газельмен" әкеліп, алып кетеді. Алайда мектепке дейінгі мекеме басшылығы ата-аналары бұрын-соңды шағымданбағанын айтып, оларға тағылған айыпты жоққа шығаруда.
Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары істің қандай бап бойынша және кімге қатысты қозғалғанын айтпады. Қансырағанша тістеген баланың ата-анасы моральдық және материалдық өтемақы талап етпейді. Олар тергеудің әділ жүргізіліп, кінәлілердің жауапқа тартылуын сұрайды.