Шенеуніктер 13 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған

1 530

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысында мемлекеттік сатып алудағы бірқатар тауарға баға тым жоғары екенін анықтаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Мысалы, Жетісу облысының спорт басқармасы нақты құны 4,5 млн теңге болатын бір ұлттық киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Сонымен қатар Жетісу облысының «Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК нақты орташа нарықтық құны 250-300 мың теңге болатын бір кондиционерді 1,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған», - дейді мамандар.


Сол сияқты Қостанай облысының аудандық білім бөлімі 43 мың литр жазғы дизельотынының әрбір литрін 580 теңгеден сатып алуға тырысқан. Бірақ сол кездегі орташа баға литріне 250 теңгеден кем болған. Ал Астана қаласында әкімдікке қарасты аурухана басшылығы 16 портативті медициналық шамның бір данасын 3,3 млн теңгеден сатып алмақ болған. Алайда оның орташа нарықтық құны 600 мың теңгеден аспайды. Бұл тендер де тоқтатылды. Соның нәтижесінде 44 млн теңге қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.


Айта кетері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі биыл он айдың ішінде 38,4 млрд теңгеге заң бұзушылықтарды анықтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.