БӘЙТЕРЕК ТҰРҒЫНДАРЫ ОБЛЫС ӘКІМІНЕН КӨМЕК СҰРАЙДЫ
1 530
Қызылорда қаласының шетінен 6 жыл бұрын бой көтерген Байтерек мөлтек ауданының бүгінгі жағдайы мәз емес, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
7 мыңға жуық халық мекен етсе де, сапалы жол мен қоғамдық көліктің түйіткілді түйіні шешілмей келеді. Ал, қалалық бюджеттен 2021 жылы 16,4 млн тг бөлінге, алайда баяғы жартас сол жартас күйінде тұр деп ашынады тұрғындар.
Облыстық және қалалық әкімдіктің қол қусырып отырғандығына наразы халық бүгінде аялдаманы өздері көтеріп алды. Амал нешік, тұрғындар әкімдіктен қолдау болмағандықтан, өздері білек сыбана кірісті. Оған дәлел тұрғындар үшін салынған ағаш аялдама. Расында, Бәйтеректің бастапқы жағында әкімдік тарапынан жүргізілген жарық пен жолдың басы басталғанымен арғы шеті шалғай деп есептегеннен бе ол жаққа аяқ та жетпеген секілді.
Бәйтеректік тұрғындар, қоғамдық көліктің уақыт санап жүретіндігі, одан соң жалғыз автобустың жүретіндігінен қысы-жазы далада қыста қырау, жазда ыстық күннен қорғану үшін өздері аялдама салып алған. Ал, аялдаманың сырт пішіміне қарап, бейне бір 21 ғасырдың емес, тас ғасырында қалып қойған аялдамаға ұқсайды.
Тұрғындардың айтуынша, жыл басталғалы қала әкімдігінің табалдырығын тоздырып, «Қарастырамыз» деген жаттанды сөздерін ести беруден мезі болған. Бұрыңғы қала әкімі Ғанибек Қазантаев:
«Жаңа көпір тұрғындардың сұранысын қанағаттандырумен қатар қоғамдық көлік мәселесін де оңтайлы шешуге өз септігін тигізбек. Көпір құрылысы аяқталса тұрғын ауданға қосымша қоғамдық көлік бағытталады. Сонымен қатар Бәйтеректің негізгі 3 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары да жоспарға енгізілгеді» деп халықты сүйіншілеген еді. Алайда, берілген уәде сол жерде қалып қойған секілді. Байтеректіктердің ендігі үміті жаңадан тағайындалған Асылбек Шаменов мырзада екендігін жасырмады.
Сонымен қатар, тұрғындардың өзекті мәселелерінің бірі: мектеп, балабақша құрылысының тоқтап қалуы. Қала тұрғыны Нұркен Мырзақұловтың айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын мектеп құрылысы басталғанда қуанып едік. Алайда, мектеп құрылысының тоқтап қалғанына 2 айдан асты. Бұл жобаны кім соңына дейін апарды. Қашан Жаңа Қазақстан боламыз, - дейді. Расында, бұл ауданда қоныс тепкендердің дені көпбалалы отбасылар.
Осы орайда, қалалық әкімшілік тарапынан
«Байтерек тұрғын ауданына ұзындығы 2,5 шақырым болатын 1- ші кіре –беріс жолына орташа жөндеу жұмыстарына , ұзындығы 5 шақырым болатын 2 – ші кіре-беріс жолына орташа жөндеу жқмыстарына және осы кіре беріс жолдарды қосатын ұзындығы 1,5 шақырым болатын жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2021 жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылы облыстық бюжеттен қаржы бөлуге бюжеттік өтінім ұсынылды" ,-дейді. Сонымен қатар, Байтерек тұрғындарының мәселесі қала әкімінің басты назарында екендігін де жеткізді.
АЙБАР

«Байтерек мөлтек ауданының тұрғынымын. Тұрып жатқаныма бірнеше жыл болды. Әлі күнге дейін жол, су, қоғамдық көлік мәселесі шешілмей келе жатыр. Сәуірдің 5-і жол салу жұмысы басталады деп халықты шығарып салды. Қашан ақша бөлінеді деп айтылады екен. Біздің әкімдік «Қарастырылып жатыр» деуден шаршамайды екен. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мырза бір көзіңізді Байтерекке салып қоясыз ба», - дейді Айдана Сүлейменова.
Облыстық және қалалық әкімдіктің қол қусырып отырғандығына наразы халық бүгінде аялдаманы өздері көтеріп алды. Амал нешік, тұрғындар әкімдіктен қолдау болмағандықтан, өздері білек сыбана кірісті. Оған дәлел тұрғындар үшін салынған ағаш аялдама. Расында, Бәйтеректің бастапқы жағында әкімдік тарапынан жүргізілген жарық пен жолдың басы басталғанымен арғы шеті шалғай деп есептегеннен бе ол жаққа аяқ та жетпеген секілді.
Бәйтеректік тұрғындар, қоғамдық көліктің уақыт санап жүретіндігі, одан соң жалғыз автобустың жүретіндігінен қысы-жазы далада қыста қырау, жазда ыстық күннен қорғану үшін өздері аялдама салып алған. Ал, аялдаманың сырт пішіміне қарап, бейне бір 21 ғасырдың емес, тас ғасырында қалып қойған аялдамаға ұқсайды.
Тұрғындардың айтуынша, жыл басталғалы қала әкімдігінің табалдырығын тоздырып, «Қарастырамыз» деген жаттанды сөздерін ести беруден мезі болған. Бұрыңғы қала әкімі Ғанибек Қазантаев:
«Жаңа көпір тұрғындардың сұранысын қанағаттандырумен қатар қоғамдық көлік мәселесін де оңтайлы шешуге өз септігін тигізбек. Көпір құрылысы аяқталса тұрғын ауданға қосымша қоғамдық көлік бағытталады. Сонымен қатар Бәйтеректің негізгі 3 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары да жоспарға енгізілгеді» деп халықты сүйіншілеген еді. Алайда, берілген уәде сол жерде қалып қойған секілді. Байтеректіктердің ендігі үміті жаңадан тағайындалған Асылбек Шаменов мырзада екендігін жасырмады.
«Қала әкімі Байтерек тұрғындарының қазіргі жағдайы сізді алаңдататын болса осы мәселемізді шешіп берсеңіз. 5 жылда 4 облыс әкімі мен 3 қала әкім өзгергенімен, ешқайсысы біздің мәселемізді шеше алмады. Алдынғы әкім секілді тығылып қашпай, халықтың мұң-мұқтажын тыңдасаңыз», - дейді Асхат Баймбетов .