14 жастағы қыз Өскеменнен Алматыға қашып кетіп, тұрмысқа шыққан

473

Полиция қызметкерлері 14 жастағы жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Әйелдің айтуынша, оқушы қыз үйінен маусымның аяғында кетіп қалған. Анасы баласын өз бетінше іздегені де белгілі болды. Алматыдан тапқан соң, үйіне алып келмек болған. Алайда қаладан шығар тұста жанармай бекетіне тоқтаған сәтте қызы қайтадан қашып кеткен.
19 қыркүйекте жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ШҚО қылмыстық істі тексеру полициясының қызметкерлері қызды Алматыдан тапты. 
"Қызбен әңгіме барысында қызметкерлер оның өз еркімен үйден кеткенін анықтады. Себебі Алматыда тұрғысы келген және сол уақытта сыған дәстүрі бойынша тұрмысқа да шығып үлгерген", - деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Тәртіп сақшылары қызды үйіне қайтарды.