Өзбекстан бас прокуратурасы Ауғанстан ұшағының құлауы туралы мәлімдемесін қайтарып алды

283
Өзбекстанның Бас прокуратурасы Өзбекстан аумағында құлаған Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы ресми хабарламасын күтпеген жерден қайтарып алды. 

"Бас прокуратураның ведомствоның Telegram-арнасындағы бұрынғы мәлімдемесі соңына дейін нақтыланбаған болатын, ол жауапты ведомстволардың тексерілген деректеріне негізделмеген еді", - деп түсініктеме берілген Өзбекстанның Бас прокуратурасының жаңа мәлімдемесінде.

Осы орайда Бас прокуратура жіберілген қателік үшін кешірім сұрап өтті Естеріңізге сала кетейік, кеше Өзбекстанның Бас прокуратурасы Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы айтқан болатын. Сонымен қатар Өзбекстан аумағына Ауғанстан Ислам Республикасының 46 әскери әуе кемесінің мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.