Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 31 млн теңге төленбек

231

Ақтөбе облысы Қаратал ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 31 млн теңге өтемақы төлену жоспарланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.



Арнайы комиссия апаттан келтірілген залалды зерттеп, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында жұмысын аяқтады. Мамандар шығын көлемін бағалады.

"Бүгінгі таңда залал толығымен анықталды. 31 млн теңге. Бұл сома зардап шеккендерге төленеді. Олар өз күштерімен тұрғын үйді қалпына келтіруі керек. Біз де көмектесеміз, бәрін қалпына келтіреміз. Сәуір айында резервтен ақша төленеді", – деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.


Ауылдың 11 үйінің тұрғындарына 31 миллион төленеді. Мұндай залалды арнайы комиссия мүшелері белгіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.