Кек алмақ болған: Өскеменде әйел бұрынғы сүйіктісін қайтарамын деп жүріп сотталып кетті
Өскеменде 41 жастағы әйел бұрынғы сүйіктісі зорлады деп жалған айып таққаны үшін өзі сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Егде тартқан екі адамның арасындағы күрделі қарым-қатынасты №2 қылмыстық сот шешуге мәжбүр болған. Аймақта бұрынғы ғашығына ызалы қала тұрғыны айламен одан кек алуға шешім қабылдаған.
Іс материалдарында айтылғандай, олар төрт жыл бірге тұрған. Содан кейін ер адам өзгені әйелдікке алған.
Бір күні бұрынғы ғашықтар көшеде кездесіп қалып, өткен сәттерін тағы бір еске алған. Араларындағы қатынастан кейін әйел бұрынғы сүйіктісінің қайтып оралуын сұраған. Алайда ер адам оның ұсынысынан бас тартқандықтан, әйел полицияға өзін зорлады деп арыз жазған.
20 күннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылған. Бұл қалай дәлелденгені белгісіз, алайда екі адам арасындағы қатынастың видеосы дәлел болуы мүмкін деген болжам бар. Енді арыз жазған әйелдің өзіне сот Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігімен "Қылмысты жалған хабардар ету" бойынша кінәлі деп танып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.