Жасөспірімдер 1 жылда 67 қылмыс жасаған

1 336

Фото: gov.kzАтырау облысындағы жасөспірімдердің былтыр 67 қылмыс жасағаны тіркелген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Орынгүл Көшқалиеваның жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жасөспірім және жауапкершілік» іс-шаралары өткізілген. 

Атырауда 2024 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 67 қылмыс тіркелді. Жасөспірімдер жиі ұрынатын қылмыстың қатарында ұрлық, алаяқтық, бұзақылық, зорлық-зомбылық және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар бар. Түнгі мезгілде балаларын қараусыз жібергені үшін 8 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарына кәмелетке толмағандарды кіргізген 83 адамға, алкоголь және темекі өнімдерін сатқан 171 кәсіпкерге тиісті шара қолданылды, -дейді Орынгүл Көшқалиева.

Оның дерегіне қарағанда, есірткі қылмысының белең алғаны алаңдаушылық тудырып отыр. Есірткі заттарын заңсыз сақтау және сатумен айналысқан 3 жасөспірім анықталған. 

Интернеттегі есірткі жарнамасын тоқтату үшін 270 сайт бұғатталып, 100-ден астам граффити жойылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін білім беру мекемелері бейнебақылау жүйесіне қосылды. Бір жыл ішінде үйінен кетіп қалған 76 бала табылып, ата-анасына қайтарылды, -деп мәлім етті Орынгүл Көшқалиева.