RUB (0.00) 6.02 KZT
USD (0.00) 460.79 KZT
EUR (0.00) 490.51 KZT
Қоғам
99

Қызылордада жасөспірім "Эврика" сауда үйінен 17 телефонды ұрлап кеткен

Қызылорда облысында жасөспірім сауда үйінен 17 телефон ұрлап кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



17 тамыз күні сағат 08:50 Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-ның “102” арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы “Эврика” сауда үйіне әйнек есігін сындырып, 17 ұялы телефонды және 2 наушникті ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Жеке кәсіпкерге келтірілген шығын 5 миллион 850 мың теңгені құрады.

Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті 15 жастағы аудан тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұрланған телефондар айғақты зат ретінде алынды.



Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.