«Жусан» операциясы аясында тағы бір қазақстандық Сириядан елге оралды

101

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Сириядан тағы бір қазақстандық отбасы елге оралғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайдым"Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған дейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі Сириядан 104 адамның отанына оралғаны туралы мәлімет таратқан болатын.

«Сонымен қатар Қазақстан тарапының өтініші бойынша осы рейспен Сириядан Тәжікстанға Қазақстан Республикасының 5 азаматы (анасы және 4 баласы) жеткізілді», - делінген еді Тәжікстан СІМ мәліметінде.


Осыған орай бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдері ведомствоның ресми өкілінен аталған ақпаратты нақтылауды өтінген еді.


«Иә, растаймыз. Бұл бірнеше күн бұрын болды және олар қазір Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Мұның бәрі «Жусан» операциясының аясында. Қазақстан Сирия аумағынан азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда», - деп жауап берді Айбек Смадияров.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.