Қанша адамға рақымшылық жасалатыны айтылды

1 446

Фото: pixabay.comМәжіліс депутаты Абзал Құспан Конституциялық рақымшылық аясында қанша адам бостандыққа шығуы мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау жөніндегі қылмыстық атқару жүйелерінде 63 мекемесінде және 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам ұсталуда. Олардың ішінде 33 мыңы сотталған және 7 мыңы тергеу қамауындағы адамдар. Бұдан басқа бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр. Алдын-ала есептеулерге сәйкес, рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам, барлығы 15 мың адам қамтылады", – деді Абзал Құспан.

Оның айтуынша, ҚАЖ мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған, барлығы 4,1 мың адам бостандыққа шығады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.