Полицей қызметкеріне пара бермек болған жүргізуші ұсталды

1 602
Түркістан облысында тәртіп сақшысына пара беруге тырысқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сауран ауданы аймағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдеп тұрған полицей көлігінің алдыңғы терезесі жарылған Opel Vectra көлігін тоқтатқан. Жүргізушіге заңға сәйкес хаттама толтыру кезінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін полицейге пара бермекші болады.

Патрульдік полиция тарапынан пара беру заңға қарсы әрекет екені бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, заң бұзушы ақша ұсынған. Мұның бәрі патрульдік полицейдің бейнежетонына түсірілген.

Ақпарат бойынша тексеру кезінде ер адам өзінің теріс әрекетін толық мойындады.

Іс ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі («Пара беру») бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жүргізушіге заңға сәйкес ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.