Азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

1 134

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіАудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің төрағалығымен азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Досымов Болат Бекайдарұлы, аудандық прокуратураның прокуроры Нұрлыбекқызы Балнұр, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Кездесу барысында азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қатынастары жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, қабылдаушы тараптың актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелер болып табылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.