Сталкинг жасағандар 90 күнге дейін қамауға алынбақ

1 703

Фото: freepik.comБүгін Сенат сталкингпен айналысқандар мен некеге мәжбүрлеуге қатысы барларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сұрақ-жауап барысында сенатор Сәкен Арубаев бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Қылмыстық кодекске сталкинг үшін жеке бап енгізу қаншалықты орынды екенін сұрады.

"Қаралып отырған заң жобасы аясында Қылмыстық кодекске 115-1-бапты енгізу ұсынылған екен. Ол сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді, яғни басқа адамдарға қатысты жүйелі түрде қорқыныш, мазасыздық тудыратын немесе қолайсыздық келтіретін жағымсыз қудалау деген мағынада. Қолданыстағы заңнамада мұндай әрекеттер үшін жеке қарастырылғанымен, сталкингтің жекелеген элементтері Қылмыстық кодекстің кейбір баптарында ішінара қамтылуы мүмкін. Нормалар болған жағдайда сталкингті жеке бөліп көрсету қаншалықты орынды? Осы норманы қолдану кезінде құқықтық қамтамасыз етумен теріс пайдалануға жол бермеу үшін қандай шаралар көзделген?", – деп сұрады сенатор.

Шындалиев Қылмыстық кодекске сталкинг үшін жаза енгізу көзделіп отырғанын растады.

"Расында, сталкинг үшін жаза енгізіп отырмыз. Сталкинг деген не? Ол адамның мазасын алып, әлеуметтік желілерде, көшелерде ізіне түсіп, телефон соғып, мазасын алу. Жауапкершілікті сталктен кейін одан ары қарай ауыр қылмыс жасамауы үшін, соның алдын алу үшін енгізіп отырмыз", – деді бас прокурордың орынбасары.