Әкім ауылын сумен қамтамасыз етпеген мекеме жұмысшысын соққыға жыққан
Ақмола облысы Острогорск ауылдық округінің әкімі су үшін жұмысшыны соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Острогорск ауылдық округінің әкімі Новый Колутон ауылын сумен қамтуға жауапты ЖШС жұмысшысына қол көтерген. Ер адам соққыдан құлап, денелері сырылып, көгерген, кейін сотқа жүгінген.
Сот әкімнің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, оның мінезі байсалды екенін ескерді. Сондай-ақ іс бойынша ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Осыны ескере отырып, сотталушыға 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.