Қайғымыз бен қасіретіміз - Арал
1 828
Қазіргі таңда Арал экологиясы Сыр жұртшылығын ғана емес, сонымен қатар әлемдік мәселеге айналып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Үлкен және Кіші Арал теңізі болып бөлінгеннен кейін, 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғая бастаған еді. Ал, тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есеге өсті. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, жасанды арналар мен сүзгілік көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер еткендігі тағы бар.
2000 жылы көлемі жағынан әлемде төртінші орында тұрған көлдің 10%-ы ғана қалып, теңіз аумағының төрттен үші қысқарды. Теңіз жағасын мекен еткен халық экологиялық апаттың ортасында қалды. Ал, Арал теңізі бар-жоғы қырық жылдың ішінде тартылып қалды.
Бүгінде, теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкеліп отыр. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Шаңды боран тұз бен теңізге ағылған тыңайтқыштардың улы қалдығын 500 шақырымға дейін ұшырып әкетті. Аудан тұрғындары пестицидтерден, химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетикалық ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбейгендігі жөнінде де айтылған болатын.
Осы орайда, Opennews.kz ақпарат агенттігінің тілшілері арнайы репортаж жасап, апаттың адамға әсері мен теңіздің қазіргі халін, сонымен бірге Арал қайта тола ма, жоқ па, соны біліп қайтты.