Жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тапты
Кеше түнде Алматы-Бішкек тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 11 ақпанда сағат 23:00 шамасында Алматы-Бішкек тасжолы бойында келе жатқан KIA көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан KIA көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Екінші көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Қаскелең ауруханасына жеткізілді.
Қаз
Рус






