Жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тапты

1 626

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан кадрКеше түнде Алматы-Бішкек тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, 11 ақпанда сағат 23:00 шамасында Алматы-Бішкек тасжолы бойында келе жатқан KIA көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Toyota көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан KIA көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Екінші көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Қаскелең ауруханасына жеткізілді.

"Бұл факт Қарасай аудандық ПБ-да абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу белгілері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Полиция департаментінен.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.