Елімізде автомектептердегі оқыту және жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгертілмек
Премьер-министр Олжас Бектенов жүргізушілерді оқытуды аяқтау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдерін қайта қарауды тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Премьер-министр автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасы мен жүргізу мәдениетіне теріс әсер еткенін атап өтті. Сөзінше, қазір автомектептерді ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастағандықтан, оқу процесі көбінесе формальді түрде жүзеге асырылады.
Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық автомектепті есепке алу тапсырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе талданады және қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады.
Ол көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырды.