Елде 17,5 мың адам есірткіге тәуелді болып тіркелген
Қазақстанда 17,5 мың адам есірткіге тәуелді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрлікте өткен жылдың ақпан айында нашақорлық және есірткі қылмыстарының профилактикасы жөніндегі кеңес құрылған. Оның құрамына танымал тұлғалар, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, блогерлер, әртістер, спортшылар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен наркологтар кіреді. Олар түрлі іс-шаралар, сұхбаттар, кездесулер өткізеді.
Өкінішке қарай, заңсыз есірткі саудасы түп-тамырымен жойылмай тұр.







