ҚЫЗЫЛОРДАДА СУҒА КЕТУШІЛЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

330
Қызылорда облысында маусым айында 9 адам суға кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорданың ыстығына шыдамаған жандар дария жағалап шомылуды әдетке айналдырған. Алайда, айтып келмес апаттың құрбандары болып жатқан қала тұрғындарының саны күн санап артып келеді. Олай деуге басты себеп өткен айдың өзінде 9 адам суға кеткен, оның ішінде төртеуі - бала. 


Облысымызда жыл басынан бергі ақпараттар легіне сүйенсек,  20 адам шомылу барысында суға батып кетсе, оның ішінде 7 бала бар екендігі анықталған. Ал, өткен жылы аймағымызда 28 адам осындай оқиға салдарынан көз жұмған. 


Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы
«Тұрғындардан суға түсу кезінде барлық қауіпсіздік шараларына назар аудару қажеттігін айтамыз.. Қарапайым ережелерді сақтау әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта төтенше жағдайлар саласының мамандары түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Соған қарамастан оқыс оқиғаларға жол беріліп жатыр.», - деді Әлия Ережепова.

Сонымен қатар, кеше 30 маусымда сағат 14.58-де Жаңақорған ауданы Өзгент ауылы аумағындағы Ақсуат суармалы каналына 2003 жылғы жігіт суға батып кеткендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 техника,1 моторлы қайық, 3 сүңгуірлік топ жеткізілген.