"Мұнай бар, тамақ жоқ!" Жаңаөзенде наразылық әкімдік ұсынысынан кейін де басылмады. Жиналғандар Қарин мен Айдарбаевтың келуін талап етті
288
Жаңаөзенде он күннен бері жұмыс сұрап, ереуілдеп тұрған қала тұрғындарымен мәмілеге келуге барған Маңғыстау облысы әкімдігі құрған комиссияға ереуілшілер сенімсіздік жариялайтынын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq сайтына сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев әкімдік алдында еруілдеп тұрғандарға комиссия ұсынысын жария етті.
Оның сөзін жиналғандар ашумен қабылдады. Олар жинаып тұрғандардың бәрінің де жағдайы ауыр екенін айтты.
Оның сөзін бәрі қоштады. Ереуілшілер лидерінің бірі Жаңабай Нұғыманов облыстық әкімдік құрған комиссия ештеңе шешпейді деп санайтындарын айтты.
Абзал Меңдібаевтың «бұл басы, тағы 400 жұмыс орнын ашамыз, зауыт, фабрика салуды қарастырамыз» деген сөзін ешкім тыңдамады.
Жаңаөзенде бірнеше мың адам қаңтардың 31-інен бері қала әкімдігі маңына жиналып, тұрақты мұнай саласында жұмыс орынын ашуды сұрап келеді. Бұған дейін биліктің «мұнай таусылады» деген сөзіне наразылар «жер асты байлығын бірге тауысайық» деп ұсыныс айтқан.
Сәрсенбі күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев әкімдік алдында еруілдеп тұрғандарға комиссия ұсынысын жария етті.
– 161 жұмыс орнын ашып отырмыз. Оның 100-і «Өзенмұнайгаз» компаниясына орналасады. 61 адамға жұмыс орны дайын. Олар дәл қазір «Кезби», «Өрт сөндіру», «ФТС», «Альянс», «КПТК», «Мұнайспецснаб», «Құнан», «Батысгеофизика,» Өзенгеофзика» мекемелеріне кіре беруге болады. Бұл - жағдайы өте нашар отбасыларына арналған. Олар сол жерге штатқа кіреді, бірақ жұмыссыздықтың схемасына кірмейді, аутсорсингке бармайды. Жалақылары 200-300 мың арасында болады. Барып жұмыссыздықтан қағаз әкеліп орналаса беруге болады, - деді Абзал Меңдібаев.
Оның сөзін жиналғандар ашумен қабылдады. Олар жинаып тұрғандардың бәрінің де жағдайы ауыр екенін айтты.
– Бәріміздің де жағдайымыз ауыр! Мұнай бар, тамақ жоқ! Біз бір талаппен келіп тұрмыз. «Өзенмұнайгаз» саласынан жаңа мекеме ашсын деп тұрмыз. Соның құрылысын бастасын. Өзіміз салайық, сосын сонда жұмысқа тұрайық. Болды. Біз ешқайда барып еш жерден қағаз әкелмейміз, ешқайда бармаймыз, - деді наразылардың бірі.
Оның сөзін бәрі қоштады. Ереуілшілер лидерінің бірі Жаңабай Нұғыманов облыстық әкімдік құрған комиссия ештеңе шешпейді деп санайтындарын айтты.
– Мына комиссия ештеңе шешпейді. Астанадан «Қазмұнайгаз» бас директоры Алик Айдарбаев келсін, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин келсін арамызға, халықты тыңдасын, талабын орындасын. Ал мына комиссияға сенімсіздік білдіреміз, - деді ол.