Қызды ұрып-соғып, желіге салған жігітке қылмыстық іс қозғалды

1 524

© Sputnik / Табылды КадырбековАтырау облысында қызды ұрып-соғып әлеуметтік желіде жариялаған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның үстінен "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде ер адам беті-аузы көгерген бойжеткенді мәжбүрлеп сөйлеткені туралы видео тараған. Жәбір көрген қыздың жасы 19-да, бейнежазбада оның бет-аузының жарақаты анық көрінген. Атырау облысының полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам 30 тәулікке қамауға алынған.

"Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында осы адамға қатысты іс қаралды. Ол "ұсақ бұзақылық" және "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу" бойынша кінәлі деп танылды", - дейді полиция.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.