Cәлафиттік ағымның атын жамылғандар тұрғынды азаптаған

253

Ақтауда сәлафиттік ағымның атын жамылған төрт ер адам жергілікті тұрғынды азаптап, 8 миллион теңге бопсалаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Ер адамдар Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде пәтер жалдаған. Өзара рөлдерді бөлген олар тұрғынды жалдамалы пәтерге алдап шақырып, таңға дейін ұрып-соғып, азаптаған. Әрі қорқыту үшін тапанша мен пышақ қолданған. Ал болған жағдайдың барлығын ұялы телефонға түсіріп алған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің барлығы анықталған. Күдіктілерді ұстау кезінде олардан дәлел заттар, тапанша мен азаптау кезінде түсірілген бейнежазба тәркіленген. 


Қазір күдіктілердің барлығы қамауда. Оларға қатысты "Бопсалау" және "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша іс қозғалған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.