Cәлафиттік ағымның атын жамылғандар тұрғынды азаптаған
255
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтауда сәлафиттік ағымның атын жамылған төрт ер адам жергілікті тұрғынды азаптап, 8 миллион теңге бопсалаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамдар Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде пәтер жалдаған. Өзара рөлдерді бөлген олар тұрғынды жалдамалы пәтерге алдап шақырып, таңға дейін ұрып-соғып, азаптаған. Әрі қорқыту үшін тапанша мен пышақ қолданған. Ал болған жағдайдың барлығын ұялы телефонға түсіріп алған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің барлығы анықталған. Күдіктілерді ұстау кезінде олардан дәлел заттар, тапанша мен азаптау кезінде түсірілген бейнежазба тәркіленген.
Қазір күдіктілердің барлығы қамауда. Оларға қатысты "Бопсалау" және "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша іс қозғалған.
Қаз
Рус






