Сабақ үстінде телефон қарауға шектеу енгізілді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжіліс өкілінің пайымынша, оқу барысында бала сабақ оқуы керек. Себебі телефон бұл процеске кедергі келтіреді.
Айта кетейік, аталған заң бойынша мектеп пен аурухана салынбаған аудандарда көпқабатты тұрғын үйлерді тұрғызуға тыйым салынады.
Сонымен қатар Қазақстанда жетім балалардың тәрбиесіне арналған жаңа тәлімгерлік институты енгізіледі. Мектеп директорына орынбасарларының санын өз еркімен реттеу мүмкіндігі де беріледі.