Қызылорда облысында Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық берді

430

Қызылорда облысында табиғат жанашылары тартылып қалған Арал теңізін қайта суға толтыру үшін Құдайдан көмек сұрап, тасаттық берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.


Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз мәселесін көтеріп жүрген белсенділер, экологтар, тіпті дін өкілдері мен осы өңірдің тұрғындары қазақи дәстүрмен тасаттық берді.


Рәсімге 500-дей адам қатысқан. Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.


Еске салсақ, былтыр дәл осы Арал ауданында жауын жаумай, жұрт қуаңшылықтан зардап шеккен еді. Ал экомарафон кезінде құрбандық шалынып, жиналғандар жаратқаннан жауын тіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.