БИЫЛ ӨҢІРДЕ 249 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ
Соңғы кездері облыста өрт оқиғасы жиілеп кетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, биыл өңірде 249 өрт оқиғасы орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға көбейген. Салаға жауаптылардың айтуынша, қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың кесірінен қайғылы оқиғалар жиі тіркелетінін алға тартады.
Айта кетсек, облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Комиссия отырысында алдағы жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі туралы мәселе қозғалды. Аталған проблеманы тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін қауіпсіз пайдалануын сақтау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.