Қызылордада көктайғақ салдарынан 4 жол апаты болды

1 372

Фото: Екатерина Сычкова / РИА URA.RUҚызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты Самара – Шымкент тас жолында қозғалыс қайта жанданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қолайсыз ауа-райы кезінде полицейлер 275 жүк көлігінің, 113 жеңіл және 12 қоғамдық көліктің жүргізушілеріне көмек көрсетті.

Шамамен 1000 адамға көмек берілді. Көктайғақ салдарынан 4 жол-көлік оқиғасы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол бойында қиын жағдайда қалған 500 жүргізушіге көмек көрсетті. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы 7 полиция экипажы кезекшілік атқарды, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтарды қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қысқы уақытта барынша сақ болуды сұрайды.