«Халыққа 4 пайыздық автонесие бермеу керек» - депутат
Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы халыққа 4 пайыздық автонесие беруге қарсы екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Qasqa Jol Youtube арнасына сілтеме жасап
"Бізде халықта ақша жоқ деген қағида бар. Онда несиеге автокөлік берсең оның қарызын қалай төлейді? Ал несиені мемлекеттік банктен алады. Неге сол несиені ауыл шаруашылығы техникасын алуға бермейміз?! Содан шаруа жұмыс істеп, өнім шығарып, сатып, ақша таппай ма? Сол қаржыға автокөлігін алады ғой.
Мемлекет 100 млрд теңгені жеңілдетілген автонесиеге бергенше техника алуға берсін. Ал техникаға деп отырған 30 млрд теңгені жеңіл автокөлікке бөлсін. Халық шаруашылықпен айналысып, өнім өндіріп, жағдайын дұрыстап жатса қаржысын бала-шағасына, азық-түлікке, көлікке жұмсайды ғой. Есесіне банкке тәуелді болмайды", - деп түсіндірді ол өз ойын.
Болатбек Нәжметдинұлының сөзінше, көлікті несиеге алу инфляцияны күшейте береді, себебі, көлік өнім шығармайды.