ҚАЗАЛЫДА ҚОС САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 15 қараша – Қаржы саласының және ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби меркесіне орай мерекелік салатанатты шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мұнан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан мереке иелері марапат төрінен көрініп, құрмет көрсетілді.
Кәсіби мерекеде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары Қазынагүл Бәкен ҚР қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Ал, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мерекеде ауданның экономикалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етіп, табыстың берекесін тасытқан ардагерлер де назардан тыс қалмай, аудан әкімінің мерекелік сый-сияпатына ие болды.
Шара соңында қаржы және ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласы қызметкерлері мен сала ардагерлерінің құрметіне аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.