Әкімдік дәретхана қағазы үшін 7 млн теңгеден аса қаражат бөлген

591

«Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жыл басында дәретхана қағазына арнап 7 024 609 теңге қаржы бөлген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.


Тендердің жеңімпазы 2023 жылдың 19 қаңтарында анықталған. Әкімдік қызметкерлерінің табиғи әжетіне арнап бюджеттен бөлінген 7 024 609 теңгеге 11 570 дана дәретхана қағазы сатып алынған. Әр қағаздың құны – 607 теңгеден. Ол қағаздың әр данасында 12 орам болуы міндетті. Оған қоса, ақтаулық шенділер 2 қабатты, 100 пайыз целлюза материалынан жасалған, ені 12 сантиметрлік, орам ұзындығы 150 метр, түсі ақ қағаздарды ғана пайдаланады екен.


Техникалық сипаттамада тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1 157 дана (әр данада 12 орам) дәретхана қағазын жеткізіп тұруға міндеттелген. Демек, Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884, күніне 694 орам қағазды (20 жұмыс күнін есептегенде) кәдеге жаратады-мыс. Әр орамның ұзындығы 150 метр деп есептесек, облыс әкімдігінің қызметкерлеріне күніне халықтың қалтасынан жиналған ақшаға 104 100 метр дәретхана қағазын сатып әперіп беріп отырмыз деген сөз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.