Қармақшы ауданында үстел теннисінен сайыс өтті
Қармақшы ауданында ерекше спорттық шара – үстел теннисінен сайыс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл жарыс Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында «Ораз ахун» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шараға 20 сотталған қатысты.
Жарысқа қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.