Шардара су қоймасы 90 пайыз толды
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, бүгінде көктемгі су тасқыны бойынша өңірдегі жағдай тұрақты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алдын алу шаралары да жүргізіліп келеді. Департаментте тәуліктік кезекшілік штабы ұйымдастырылған. Су шаруашылығы нысандары тұрақты түрде мониторингтен өтіп жатыр.
Бүгінде өңірдегі қашыртқы арналар мен арықтар, жол бойындағы су өткелдері механикалық тазалаудан өткен. Инертті материалдар да дайын. Көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы 1064 жеке құрам, 124 техника, 11 қайық пен 92 мотопомпа дайындыққа келтірілген.