Жер сілкінісі болған Түркияға Қазақстан мектеп салып бермекші

1 351

Фото: freepik.comТүркиядағы жер сілкінісі болған Газиантепте Қазақстан салып беретін мектептің құрылысы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Былтыр ақпан айында Түркияда жойқын жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам қайтыс болған еді. Зілзаладан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан да бұл аймаққа мектеп салып беруді көздеп отыр. Кеше, 19 желтоқсан күні Газиантепте біздің елдің атынан салынатын мектептің іргетасы құйылды. 

Жобаның жалпы құны 6 млрд теңгені құраған. Мектеп құрылысын толықтай Қазақстан үкіметі қаржыландырып, отандық компания салады. Құрылысты жобалау жетекшісінің айтуынша, мектеп 2026 жылы пайдалануға беріледі.

Заманауи жабдықталған үш қабатты мектепте мыңға жуық бала білім алатын болады. 





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.