Елімізде қанша ауыл құдықтан су ішіп отыр?

200
Ақтөбе облысының 60 ауылы әлі күнге дейін құдықтан су ішіп отыр, -- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"60 ауылда әлі орталық сумен жабдықтау жоқ. Олар Әйтеке би, Байғанин, Қобда аудандарында орналасқан. Кейбіреулерінде тек 40-50 тұрғын бар, бірақ 400-500 адам тұратын ауылдар да бар. Сегіз ауыл бойынша жобалар әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы бар, 15 ауылда ҚБМ белгіленеді", - деді облыстық Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұртай Сертаев.

Оның айтуынша, Алға ауданындағы Тоқмансай ауылында, Байғанин ауданындағы Қораши, Көкбұлақ, Қосарал ауылдарында, Мұғалжар ауданында Шеңгелді, Қожасай ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтау бар. 24 ауылда кешенді-блокты модульдер орнатылған.

Agrogram басылымының жазуынша, 2025 жылға дейін 60 ауылдың 21-і ауыз суға қол жеткізеді. 13-інде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр, әзірге тұрғындар құдықтар мен ұңғымалардан су ішіп отыр.

“Ақтөбе облысындағы 323 елді мекеннің 263 немесе 81%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген, онда 876 мың адам, яғни халықтың 98%-ы тұрады”, – делінген басылым материалында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.