Коммендант iPhone алу үшін студенттерге несие рәсімдеткен

225

Талдықорғанда Жетісу университетінің студенттері коменданттың үстінен арыз түсірді. Олардың сөзінше, коммендант iPhone алу үшін студенттерге несие рәсімдеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Коммендант несие рәсімдеген соң уақытылы несиені төлемей қойған. 

"Осы факті Қылмыстық кодекстің 190 бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде 41 жастағы әйел ұсталды. Ол расымен студенттердің жатақханасында комендант болып жұмыс істейді. 11-қазан күні күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу органы 10 студент пен 2 жатақхана қызметкерінен түскен арыз бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 14,7 млн теңге. Бірақ күдікті денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Қазір ол ауруханада жатыр",деп түсіндірді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Қазір полиция күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.