Маңғыстау облысында ат тепкен бес жасар бала көз жұмды

506
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында жылқы тепкен бес жасар бала көз жұмды деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 27 тамыз күні сағат 20:10 шамасында болған. Дәл осы уақытта Түпқараған аудандық полиция бөлімінің "102" кезекші пультіне қоңырау келіп түскен.

Онда жылқы бес жасар баланың басынан теуіп жібергені айтылған. Жарақат алған балақай көз жұмған.

 Аталған жайтқа өңірдің полиция департаменті пікір білдірді. "Жылқы баланың басынан тұяғымен теуіп жіберген. Жарақат алған бала қайтыс болды. Аталған факті Түпқараған аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 001- бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.