Жол жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгеден астам қаражатты лауазымды тұлғалар қолды қылған
1 086
Қарағанды облысының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген 2 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, қадағалау органының мәліметінше, Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатының ұрлануына әкеп соқтырған іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған.
Қадағалаушы орган қылмыстық іс прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қадағалаушы орган қылмыстық іс прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.