Мәжілісте өзекті мәселелер қаралды
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілісте аудан әкімі бюджеттің тиімділігін арттыру аясында салық базасын ұлғайту жұмыстары күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін айтып, бюджетті тиімді басқару және сапалы жоспарлау басты міндет екенін жеткізді.Басқосуда салық базасын ұлғайту жұмыстарының ауданда орындалуы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мейрамбек Ибраимов баяндама жасады.Баяндамашыдан кейін аудан әкімі тиімді салық саясатын жүргізу, ауданның бюджетіне түсімдердің толыққанды түсуін, тиімді жоспарлануын әрі игерілуін сапалы және нәтижелі ұйымдастыру басты міндет екенін айтып, бұл жұмыстарды әрі қарай жандандыру жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ осы мақсатта құрылған арнайы жұмысшы топтың жұмысын күшейтіп, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сыртта жүрген кәсіпкер жерлестерді жергілікті жерге тіркету бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін ескертті.Мұнан соң 2024 жылдың I жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мен шағын және орта кәсіпкерлік саласының даму көрсеткіштері жайында сөз қозғалды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қазнагүл Бәкенова мен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арыстанбек Қанатов баяндама жасады.Аудан әкімі тиісті сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне облыс тарапынан ауданға бекітілген межелер бойынша нақты жұмыс жасап, ауданның көрсеткіштері мен жоспарлы индикаторлардың орындалуы бойынша аудандық статистика басқармасымен, жауапты орындаушылармен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.Сонымен қатар ауданның экономикалық өркендеуіне шағын және орта кәсіпкерлік саласының тигізер үлесі зор екенін айтып, барлық кент, қала және ауылдық округтерде кәсіп ашамын деген азаматтарға қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан берілетін үлкен мүмкіндіктерді пайдалану керектігін жеткізді. Сондай-ақ мәжілісте қаралған әрбір мәселе бойынша жауапты орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеп, бұл жұмыстарға бақылауда күшейтуді тапсырды.Жиын соңында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін айтып, аудан орталығы мен ауылдық округтер бойынша тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды тапсырды.