Еңбек министрлігінің қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалар қазақстандықтарды алдауда

230

Өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкері деп таныстырған белгісіз тұлғалар азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде беруде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Фото: pixabay.com

Алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған). Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін айтады. Еңбекмин министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды”, – делінген министрлік мәлімдемесінде. 


Сондай-ақ, ведомство азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұрайды. “Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады. Егер сіз алаяқтарға алданып қалсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз”, – делінген хабарламада.