Қала әкімінің жүрегі тоқтап, ауруханада көз жұмды

664

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.


2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Риддер қаласының әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.