FlyArystan-да 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған

1 386

Фото: Абзал КалиевFlyArystan әуе компаниясында 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


FlyArystan әуекомпаниясы ішкі тексеру барысында қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияның көмегіне жүгінген. 


«Тергеу нәтижелері бойынша ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты әуекомпания кінәлі адамдарды анықтау және келтірілген материалдық шығынды өтеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді», делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.

Компания 9 айдағы қаржы есебін қайта түгендеп, осы фактіні назарда ұстайды. Тергеу мүддесі үшін қосымша мәлімет жарияланбайды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.