Дизель мафиясы құрықталды

1 449

Фото: Polisia.kzҚарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Арнайы операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және көліктегі полиция департаментінің Қарағанды — Сұрыптау желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізді. 

— Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталды. 17 күдікті қолға түсіп, олардың заңсыз әрекеттеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелген атыс қаруы, 26 оқ-дәрі, 7 телефон және есірткі заттары тәркіленді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ІІМ атап өткендей, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.