10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні
151
Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде бұл саладағы қызметкерлердің жалпы саны 155 мыңнан асады.
Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.Бұл күн күнтізбеде кәсіби мереке ретінде айшықталатын болады. Елімізде 155 мыңнан аса маман цифрлық және ақпараттық технология саласында қызмет жасаса, Қызылорда өңірінде 2000-нан аса маман абыройлы еңбек етуде.

Айту керек, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен өңірде цифрлық жобалар сәтті жүзеге асып, жастардың озық идеясын қолдайтын «Smart City Kyzylorda Hackathon», «Pecha Kucha Night Kyzylorda» және INNOFEST жобасы жүзеге асуда.
Аймақ тұрғындары «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы 60-тан аса сервисті пайдалана алады.